"SAT & Company" АҚ KZ2C0Y14C822 (KZ2C00001360, SATCb1) облигацияларына қатысты 13-ші купонды төлеу бойынша қарызын өтегені туралы хабарлады

16.07.15 11:15
/KASE, 16.07.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "SAT & Company" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам), Биржаға (KASE) 2015 жылдың 14 шілдесінде өзінің KZ2C0Y14C822 (KZ2C00001360, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, SATCb1) облигациялары бойынша 13-ші купондық сыйақыны төлегені жайлы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген сыйақы 839 832 329,00 теңге сомасында төленген. [2015-07-16]