ВТБ Банкі АҚ еншілес ұйымы (Қазақстан) өзінің 2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қаржылық нәтижелерін жариялады

15.07.15 17:59
/KASE, 15.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банкі АҚ еншілес ұйымы (Қазақстан) (Астана), Биржаға (KASE) келесі мазмұндағы баспасөз-хабарламасын жолдады: цитата басы ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында клиенттердің шоттары мен депозиттеріндегі қаражаттың көлемін жылдың басымен салыстырғанда 26,9% көбейтіп, 125 259 млн. теңге көрсеткішіне жетті. Банктің активтері 5,9% – 162 112 млн. теңгеге дейін өсті. 2015 жылдың 1 жарты жылдығындағы негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер (01.07.2015 жағдай бойынша): - Міндеттемелер 8,2% – 146 025 млн. теңге дейін өсті; - Банктің несие портфелі 2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша провизияны есепке алғанда 93 346 млн. теңгені құрады; - Резервтерді қалыптастырғанға дейінгі 2015 жылдың 1 жарты жылдығындағы таза пайыздық табыс 4 021 млн. теңгені құрады; - 1 жарты жылдықтағы таза комиссиялық табыс 1 076 млн. теңгеге жетті; - Банктің 2015 жылдың 1 жарты жылдығындағы таза шығыны 1 289 млн. теңгені құрады; Қосымша түсіндірмелер алу үшін баспасөз қызметіне хабарласуға болады: Татьяна Шевченко ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) Тел: 8 (727) 330 41 90 вн. 4190 Моб: +7 707 702 45 92 e-mail: T.Shevchenko@vtb-bank.kz web.: www.vtb-bank.kz Facebook: BankVtbKazahstan цитата соңы [2015-07-15]