"Интергаз Орталық Азия" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

16.07.15 10:13
/KASE, 16.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 28 355 010 дана, артықшылықты акциялар саны – 41 250 дана; - компанияның 26 192 850 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ болып табылады. [2015-07-16]