"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

16.07.15 09:26
/KASE, 16.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C23640010 жай акцияларының жалпы саны 51 120 065 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚАЗАГРО" ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ" АҚ болып табылады. [2015-07-16]