"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Standard & Poor's агенттігі рейтингілік бағалауын "ВВВ-/А-3" деңгейіне дейін төмендеткенін хабарлады, болжам "Жағымсыз"

15.07.15 15:53
/KASE, 15.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Биржаға (KASE) ресми хат жолдап, " Standard&Poor's рейтингілік агенттігі "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ рейтингілерін жағымсыз болжаммен "ВВВ-/А-3" деңгейіне дейін төмендеткенін" хабарлады. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ берген Standard & Poor's агенттігінің аталмыш хаты мен 2015 жылдың 10 шілдесіндегі есебі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_100715.pdf мекен-жайы бойынша орналасқан. [2015-07-15]