"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Standard & Poor's несиелік рейтингілер агенттігі қоғамның несиелік рейтингілерін "BBB/А-2" деңгейінде растағаны туралы хабарлады, болжам "Жағымсыз"

15.07.15 11:46
/KASE, 15.07.15/ – Облигаціиялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі цитатада – Қор), Биржаға (KASE) ресми хат жолдап келесі хабарлады: цитата басы ... 2015 жылдың 10 шілдесінде Standard&Poor's несиелік рейтингілер қызметі Қордың шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингілерін "ВВВ/А-2" деңгейінде растады. Рейтингілердің өзгеру болжамы – "Жағымсыз". Сондай-ақ, Standard&Poor's Қордың ұлттық шәкіл бойынша рейтингін растады – "kzAA+". цитата соңы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ тапсырған Standard & Poor's агенттігінің 2015 жылдың 10 шілдесіндегі хаты мен есебі KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_reliz_100715.pdf мекен-жайы бойынша орналасқан. [2015-07-15]