S&P агенттігі "Қазақстан Даму Банкі" АҚ несие рейтингілерін "ВВВ/А-2" деңгейінде растады, болжам "Жағымсыз"

15.07.15 11:34
/Standard & Poor's, Лондон, 10.07.15, KASE тақырыпшасы/ Standard & Poor's несиелік рейтингілер қызметі "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) эмитентінің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингілерін "ВВВ/А-2" деңгейінде растады. Рейтингілер бойынша болжам - "Жағымсыз". Біз де ҚДБ қазақстандық ұлттық шәкіл бойынша рейтингін " kzAA+" деңгейінде растадық. Осы хабарламаның толық нұсқасын KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1262875 мекен-жайы бойынша табуға болады. [2015-07-15]