"Астана Банкі" АҚ банктің акцияларының он және одан да көп пайызын иеленуші акционерлерінің құрамындағы өзгеріс туралы хабарлады

14.07.15 12:17
/KASE, 14.07.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Астана Банкі" АҚ (Алматы), Биржаға (KASE) ресми хат жолдап, өзінің акционерлерінің құрамы өзгергені жайлы хабарлады: цитата басы ... 10.07.2015 ж. жағдай бойынша Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан да көп пайызын иеленуші акционерлеріне жататындар: 1) Ракишев Кеңес Хамитұлы, дауыс беруші акцияларының үлесі орналастырылған дауыс беруші акциялардың жалпы санының 30.29039547% немесе 2 362 792 данасы; 2) Тохтаров Олжас Тәңірбергенұлы, дауыс беруші акцияларының үлесі орналастырылған дауыс беруші акциялардың жалпы санының 69.70960453% немесе 5 437 674 данасы. Өзгерістер Банктің акционері О.Т. Тохтаровтың "Астана-финанс" акционерлік қоғамынан 3 919 588 дана дауыс беруші акция сатып алуына байланысты болды. цитата соңы [2015-07-14]