ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша ұзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.07.15 11:37
/KASE, 13.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C57060010 жай акцияларының жалпы саны 2 000 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банкi" ААҚ болып табылады. [2015-07-13]