"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ Басқарма құрамы өзгергені туралы хабарлады

07.07.15 15:54
/KASE, 07.07.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ақпараттық хабарламада былай деп мәлімдеді: "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Айдарбек Қожаназаров "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды. Қожаназаров Айдарбек Асанұлы 1983 жылы 26 қарашада Қызылорда облысында туылған. Қазақ Халықаралық Университетін, Данди қаласының Университетін (Шотландия) аяқтаған. Еңбек жолын 2006 жылы "ТұранӘлем" Банкінде бастаған. БТА Банкінде Islamic Banking Басқармасының бстығы, БТА Банкінің Дубайдағы, БАӘ, Өкілеттік басшысы болған. 2009 жылдан бастап "APK "Olzha Holding" компаниялар тобында жетекші лауазымдарда еңбек етіп, Холдингтің стратегиясы мен болашақта даму мәселелеріне жетекшілік етті. 2015 жылдың 24 маусымынан – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. "ҚазАгро" Холдингі" АҚ баспасөз қызметі тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.kz [2015-07-07]