"Самұрық-Энерго" АҚ 2014 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады

29.06.15 12:13
/KASE, 29.06.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына, ресми хатпен 2015 жылдың 22 маусымында 2014 жылдың жай акциялары бойынша бір жай акцияға 855,99 теңге көлемінде дивиденд төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі, 2015 жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша жасалған. [2015-06-29]