"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырғаны туралы хабарлады

26.06.15 15:49
/KASE, 26.06.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша республиканың ауыл шаруашылығы саласында 175 мың шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар жұмыс істейді. Жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингі елдің агросекторындағы шағын және орта бизнесті несиелеуге 91,6 млрд. теңге бағыттады немесе ол берілген несиенің жалпы көлемінің 93%-ы. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 1,4 есеге артық (63,9 млрд. теңге). Ауылдағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету қаржыландырудың түрлі бағыттары мен бағдарламалары арқылы, сондай-ақ ауылдағы бизнес үшін қаржы ресурстарына қолжетімділікті кеңейту жөніндегі жүргізілетін саясат арқылы жүзеге асырылады. Мысал ретінде жұмыс істейтін Несие серіктестіктерін нығайту бойынша Холдингпен жүргізілетін жұмысты атап өтуге болады. Сонымен, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – Аграрлық несие корпорациясы 171 Несие серіктестігін қаржыландырды, оның құрамына 11 мың ауылшаруашылық құрылымдары кіреді. цитата соңы Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_250615_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-06-26]