Ұлттық Банк KASE акцияларының №11 шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

17.06.15 14:51
/KASE, 17.06.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KASE акцияларының №11 шығарылым аңдатпасына (Аңдатпа) өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулер) 2015 жылдың 11 маусымында тіркегені туралы хабарлады. Аталмыш түзетулер KASE акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен KASE Директорлар кеңесін сайлауға байланысты енгізілді (2015 жылдың 15 мамырындағы № 26 хаттамасы). Сонымен қатар, Аңдатпа мәтініне редакциялық түзетулер енгізілді. Акциялар шығарылымының жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm11_2015.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-06-17]