2015 жылдың 05 маусымында KASE қайталама нарығында "АЛМА-ТВ" ЖШС KZ2P0Y07E951 (KZ2P00003239, ALTVb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

05.06.15 10:56
/KASE, 05.06.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KZ2P0Y07E951 (KZ2P00003239; KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, ALTVb1, 1 теңге, 70,0 млрд теңге; 03.06.15 – 03.06.22, тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 10,5 %, 30/360) облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "АЛМА-ТВ" ЖШС 2015 жылдың 05 маусымындағы қаржылық жағдайын талдау нәтижелерін биржаға ұсынды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "ZIM Capital" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша 2015 жылдың 03 маусымынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/altv мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-06-05]