Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Самұрық-Энерго" АҚ акцияларын 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 2015 жылдың 14 наурызына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

03.06.15 12:03
/KASE, 03.06.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) компанияның акцияларын орналастыру нәтижелері туралы 2015 жылдың 02 маусымында есебін бекіткені туралы мәлімдеді. Атиалмыш хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк компания акцияларының 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 2015 жылдың 14 наурызына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - 2015 жылдың 14 наурызындағы жағдай бойынша компанияның 5 585 437 жай акциялары орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 355 364 386 445,72 теңгені құрады. [2015-06-03]