"АЛМА-ТВ" ЖШС KZ2P0Y07E951 (KZ2P00003239, ALTVb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

25.05.15 09:59
/KASE, 29.05.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 28 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "АЛМА - ТВ" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y07E951 (KZ2P00003239; 1 теңге, 70,0 млрд теңге; 7 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 10,5 %, 30/360) облигациялары енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "АЛМА - ТВ" ЖШС "ішкі" облигацияларының KASE листинг процедурасынан өткен алғашқы шығарылымы болып табылады. "АЛМА-ТВ" ЖШС қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілдері "ZIM Capital" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше ALTVb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2015-05-29]