28 мамырынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZP05Y09E908, KZ2D00003241 облигациялары биржада "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында айналымға жіберілді

27.05.15 17:12
/KASE, 27.05.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2015 жылдың 28 мамырындағы шешімімен Еуразиялық даму банкінің KZP05Y09E908, KZ2D00003241 (1 000 теңге, 20,0 млрд. млрд теңге; 9 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша бірінші аукционның қорытынсдысы бойынша анықталған; 30/360) облигациялары биржада "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында айналымға жіберілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті 2015 жылдың 20 ақпанында жалпы сомасы 200,0 млрд теңгеге тіркелген, Еуразиялық даму банкінің бірінші облигациялық бағдарламасы аясында төртінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларға EABRK150624 сауда коды берілген. Биржадағы аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашу туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды шығару турлы толық ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/eabr мекен-жайында танысуға болады. [2015-05-27]