"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің XS0934609016 (XS0934609016, KZAGe1) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

27.05.15 11:15
/KASE, 27.05.15/ - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) 2015 жылдың 26 мамырында өзінің XS0934609016 (XS0934609016, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KZAGe1) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 23125000 АҚШ долларын құрады. [2015-05-27]