2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарының сауда-саттығының көлемі 2,8 есеге өсіп, 29,1 трлн теңгені ($157,2 млрд) құрады

06.05.15 17:36
/KASE,06.05.15/ – 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасының (KASE) валюталық своп операцияларын қоса есептегенде, шетелдік валюталармен сауда-саттық көлемі 29 054,2 млрд теңгені (баламасы 157 196,9 млн АҚШ долларына тең) құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге (долларлық көрсетілімде 2,6 есеге) өсті. Алдындағы үш айлық кезеңмен салыстырғанда (2014 жылдың қыркүйек- желтоқсан айлары) сауда-саттық көлемі 102,6 % (долларлық көрсетілімде 99,1 %) өсті. Төмендегі кестеде биржадағы 2015 жылдағы шетел валюталары нарығының көрсеткіштер кестесі айларға, валюталарға және мәмілелер түрлері бойынша бөлініп, және 2014 жылмен салыстырмалы түрде берілген. --------------------------------------------------------------------------------------- Сауда-саттық көлемі --------------------------------------------------------------------------- спот-нарықта, млн своп-нарықта, млн Барлығы, Барлығы, Жыл, --------------------------------------- ------------------ млрд млн ай USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT СNY/KZT USD/KZT EUR/KZT KZT USD ----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- --------- ------- -------- 2015, I 4685,2 1,7 0 1954,8 1,4 44103,6 0 8978,8 48820,7 2015, II 5538,6 1,5 0 2939,0 3,3 47582,0 0 9832,6 53168,5 2015, III 3380,1 1,5 0 1233,0 3,7 24166,2 0 5109,0 27569,0 2015, IV 5808,0 1,1 0 2221,2 1,9 21786,9 0 5133,8 27638,7 --------------------------------------------------------------------------------------- Барлығы 19411,8 5,8 0 8348,0 10,3 137638,7 0 29054,2 157196,9 ----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- --------- ------- -------- 2014, I-IV 28777,5 40,5 0 1156,5 – 30205,2 515,0 10359,8 59780,9 тренд, % -32,5 -85,8 X +621,8 X +355,7 -100,0 +180,5 +163,0 --------------------------------------------------------------------------------------- 05.01.15 бастап 31.04.15 дейінгі кезеңде KASE негізгі (таңертеңгілік) сауда- саттық сессиясында жасалған барлық мәмілелер бойынша есептелген, теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 184,61 теңгені, барлық биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 184,97 теңгені құрады. Ағымдағы жылдағы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының жылдамдығы орташа сараланған биржалық бағам бойынша жылдық 5,87 % құрады. 2015 жылдың алғашқы екі айында теңгенің АҚШ долларына ревальвациясы 1,89 % құрады. 2014 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының деңгейі номиналды көрсетілімде 18,36% құрады. 2013 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының деңгейі номиналды көрсетілімде 2,20 % құрады. [2015-05-06]