"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZP02Y10E812 (KZ2C00003226, KZAGb3) облигациялары 20 мамырдан бастап KASE ресми тізіміне "мемлекет сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді

20.05.15 18:22
/KASE, 20.05.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 14 мамырындағы шешімімен "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZP02Y10E812 (KZ2C00003226; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 10 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,0 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "мемлекет сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгзілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, 2015 жылдың 20 мамырынан бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасында белгіленген шарттарды орындауына байланысты өз күшіне енді. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KZAGb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kzag мекен-жайы бойынша жарияланады. [2015-05-20]