"Қазақстан қор биржасы" АҚ өз акционерлерінің 2015 жылдың 15 мамырында болып өткен жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды
19.05.15 13:06
/KASE, 20.05.2015/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE немесе биржа),
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280,
"Almaty Towers" Көпфункциялы кещеннің солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат,
хабарлайды: 2015 жылдың 15 мамырында Алматы уақытымен сағат
15.00-де, жоғарыда аталған мекен-жайда акционерлердің жылдық жалпы
жиналысы мынадай күн тәртібімен болып өтті:
1. Биржаның 2014 жылдағы қызметі туралы.
2. 2014 жылға биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту
туралы.
3. Биржаның 2014 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібі туралы.
4. 2015 жылға биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігіне аудит
жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
5. Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне
акционерлердің шағымдары және оларды қарау нәтижелері.
6. Биржалық кеңес мүшелеріне және Биржа Басқармасының мүшелеріне
2014 жылға сыйақының көлемі мен құрамы туралы.
7. Биржаның жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы.
8. Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы төлеу туралы.
9. Биржалық кеңес мүшелерінің өкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату
туралы.
10. Биржалық кеңестің сандық құрамын, мүшелерінің өкілеттілік мерзімі
және Биржалық кеңес мүшелерін сайлау туралы.
Аталмыш жиналыста KASE акционерлері мынадай шешімдер қабылдады:
1. KASE 2014 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекітілсін.
Дауыс берді:"қосыламын" – 899 514
"қарсымын" – 0
"бейтарап" – 0
2. KASE 2014 жылдағы таза пайдасын (кірісін) бөлудің мынадай тәртібі
бекітілсін:
- 2014 жылдың қорытындысы бойынша KASE жай акциялары
бойынша дивиденд төленбесін;
- KASE 2014 жылдағы 585 134 895 теңге 01 тиын көлеміндегі таза
пайдасы (кірісі) KASE дамуына жұмсалсын.
Дауыс берді:"қосыламын" – 841 343
"қарсымын" – 34 171
"бейтарап" – 24 000
3. Биржаның 2015 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудит жүргізу
мақсатында "Эрнст энд Янг" ЖШС аудиторлық ұйым болып
анықталсын.
Дауыс берді:"қосыламын" – 893 514
"қарсымын" – 0
"бейтарап" – 6 000
4. Биржаның жаңа редациядағы жарғысы бекітілсін және М.Р.Қабашев
Биржаның жаңа редакциядағы жарғысына қол қоюға өкілденсін.
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы
жиналысының шешімімен (2003 жылдың 27 қарашасындағы № 7
хаттамасы) бекітілген, Биржаның жарғысы өз күшінен айырылды деп
саналсын;
Дауыс берді:"қосыламын" – 899 514
"қарсымын" – 0
"бейтарап" – 0
5. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің
мүшелеріне жылдық сыйақы төленсін.
Дауыс берді:"қосыламын" – 893 514
"қарсымын" – 0
"бейтарап" – 6 000
6. Биржа акционерлерінің 2012 жылдың 30 мамырында, 2012 жылдың
10 қазанында және 2014 жылдың 18 сәуірінде болып өткен жалпы
жиналыстарының шешімдерімен сайланған, Биржалық кеңес
мүшелерінің өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылсын.
Дауыс берді:"қосыламын" – 875 514
"қарсымын" – 0
"бейтарап" – 24 000
7. Директорлар кеңесінің сандық құрамы – сегіз адам болып бекітілсін,
соның ішінде:
- екеуі Диреторлар кеңесінің сайланбайтын мүшелері (Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті орган және "алтын акция"
иесі ретінде бір өкілі және лауазымы бойынша Биржа
Басқармасының Төрағасы);
- үшеуі Биржа акционерлері мүддесінің өкілдері;
- үшеуі Биржаның тәуелсіз директорлары.
Дауыс берді:"қосыламын" – 893 514
"қарсымын" – 0
"бейтарап" – 6 000
8. Директорлар кеңесінің сайланатын мүшелерінің өкілеттілік мерзімін
сайланған күннен бастап Биржа акционерлерінің, 2017 жылдың жылдық
қаржылық есеп берушілігін қарауға арналған, жылдық жиналысы өту
сәтіне дейін деп анықталсын.
Дауыс берді:"қосыламын" – 893 514
"қарсымын" – 0
"бейтарап" – 6 000
9. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
"Биржа акционерлері мүдедсінің өкілдері болып табылатын, Директорлар
кеңесінің 3 мүшесін, ең көп дауыс жинаған, келесі кандидаттардың
арасынан сайлансын:
Кандидаттың аты-жөні Дауыстар саны
------------------------------ -------------
ӘБДІРАЗАҚОВ Елдар Советұлы 491 322
ӘБЖАНОВ Арнат Рахатұлы 330 506
ЖОЛДАСБЕКОВ Азамат Мырзаданұлы 1 415 847
КЫШПАНАКОВ Виктор Алексеевич 460 867
--------------------------------------------
Дауыс беру қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің мүшелері – акционерлердің
өкілдері болып, ең көп дауыс жинаған, келесі кандидаттар сайланды: Әбдіразақов
Е.С., Жолдасбеков А.М., Кышпанаков В.А.
* * *
Дауысқа салынған, шешімнің тұжырымдамасы:
"3 кандидатты Биржаның тәуелсіз директорлар болып сайлау:
Кандидаттың аты-жөні Дауыстар саны
--------------------------- -------------
БАБАЕВ Ариф Шавердиевич 1 017 261
ҚҰРМАНОВ Жанат Бостанұлы 617 205
ТАШМЕТОВ Мирлан Жапарбекұлы 987 594
-----------------------------------------
Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі кандидаттар Биржаның тәуелсіз директорлары
болып сайланды: Бабаев А.Ш., Құрманов Ж.Б., Ташметов М.Ж.
[2015-05-2019]