"Жайықмұнай" ЖШС өзінің USN97716AA72 (US98953VAA08, ZHMNe2) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

15.05.15 16:05
/KASE, 15.05.15/ - "Жайықмұнай" ЖШС (Уральск) 2015 жылдың 14 мамырында өзінің USN97716AA72 (US98953VAA08, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, ZHMNe2) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 20 060 833.33 АҚШ долларын құрады. [2015-05-15]