"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KZ2C00003226, KZAGb3) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы субъектілер секторының борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша өтті

14.05.15 17:19
/KASE, 14.05.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 14 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы субъектілер секторының борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Алматы) KZP02Y10E812 (KZ2C00003226; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 10 лет, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,0 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациылардың шығарылымы, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2014 жылдың 12 желт оқсанында тіркелген, жалпы сомасы 200,0 млрд теңге, "Қазинвестбанк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасының екінші шығарылымы болып табылады және тиісінше аталмыш эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен, ішкі облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қаржылық кеңес берушісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларды ұстаушылардың өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KZAGb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2015-05-14]