"ҚазАгроҚаржы" АҚ сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінім қабылдауды бастағаны туралы хабарлады

16.04.15 09:45
/KASE, 16.04.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы "ҚазАгроҚаржы" АҚ кредит/лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін клиенттерден өтінімдер мен құжаттар қабылдай бастағаны жөнінде хабарлайды. Бағдарлама талаптарына сәйкес, айналым қаражаттарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелері жылдық 7%-ға төмендейді, өз кезегінде, мал шаруашылығы және жемшөп шаруашылығы салаларындағы ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтар сатып алуға жасалған шарттар бойынша пайыздық мөлшерлеме 10 %-ға төмендейді (егер қарыз алушының кемінде 50 шартты бас а/ш жануарларының болуы туралы немесе жемшөп дақылдарын өсіру үшін пайдаланатын жер телімдерінің болуы туралы құптайтын дәлел болса). Бұл тұтас алғанда, жемшөп өндірісін, жалпы еліміздің аграрлық секторын дамыту мақсатындағы мемлекеттің елеулі қолдау шаралары болып табылады. цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_reliz_150415_kz.pdf мекен-жайында жарияланды. [2015-04-16]