Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Даму банкі" АҚ акцияларын 2014 жылдың 09 қыркүйегінен 2015 жылдың 08 наурызына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

04.05.15 19:17
/KASE, 04.05.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана, одан әрі - банк) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) акцияларын 2015 жылдың 10 сәуіріндегі орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту жөнінде ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Ұсынған хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк банк акцияларының 2014 жылдың 09 қыркүйегінен 2015 жылдың 08 наурызына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - 2015 жылдың 09 наурызындағы жағдай бойынша компанияның 14 999 жай акциялары орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 313 667 510 619,00 теңгені құрады. Аталмыш есебі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_razm_100415.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-05-04]