"КазТрансГаз Аймақ" АҚ Fitch Ratings агенттігінің компанияның ұзақ мерзімді дефолт рейтингін "ВВВ-" деңгейінде растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

04.05.15 15:48
/KASE, 04.05.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды: цитата басы Осымен "КазТрансГазАймақ" АҚ (КТГ) (бұдан әрі –Қоғам), "Fitch Ratings" халықаралық рейтинг агенттігімен "КазТрансГаз" АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингіннің (ЭДР) және 100 пайыздық еншілес ұйымдары – Интергаз Орталық Азия АҚ (ИОА) және АО КазТрансГаз Аймақ (КТГ Аймақ) "ВВВ-" деңгейіндегі рейтингін растағанын хабарлайды. КТГ және еншілес компаниялардың рейтингтерінің расталуы, леверидж көрсеткіштері және топтардағы міндеттердің қамтамасыз етілуі 2014 жылдың ақпанындағы теңгенің құнсыздануына және Газпром ААҚ жарияланған («ВВВ-», келеңсіз болжам) Орталық Азиядан ресейге газ тасымалдау көлемінің азайтылуына байланысты уақытша әлсіреуден кейін 2017-2018 жылдары қолайлыдеңгейлерге қайтады деген агенттіктің пікірін білдіреді. Рейтингтер бойынша болжам – "тұрақты", деп осы хаттың қосымшасына сәйкес Агенттіктің баспасөз-хабарламасында айтылған. цитата соңы Аталмыш хатпен және Fitch Ratings баспасөз-хабарламасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KTGA/ktga_reliz_210415.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-05-04]