/KASE, 04.05.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана), Қазақстан қор
биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды:
цитата басы
Осымен "КазТрансГазАймақ" АҚ (КТГ) (бұдан әрі –Қоғам), "Fitch Ratings"
халықаралық рейтинг агенттігімен "КазТрансГаз" АҚ эмитент дефолтының
ұзақ мерзімді рейтингіннің (ЭДР) және 100 пайыздық еншілес ұйымдары –
Интергаз Орталық Азия АҚ (ИОА) және АО КазТрансГаз Аймақ (КТГ Аймақ)
"ВВВ-" деңгейіндегі рейтингін растағанын хабарлайды.
КТГ және еншілес компаниялардың рейтингтерінің расталуы, леверидж
көрсеткіштері және топтардағы міндеттердің қамтамасыз етілуі
2014 жылдың ақпанындағы теңгенің құнсыздануына және Газпром ААҚ
жарияланған («ВВВ-», келеңсіз болжам) Орталық Азиядан ресейге газ
тасымалдау көлемінің азайтылуына байланысты уақытша әлсіреуден кейін
2017-2018 жылдары қолайлыдеңгейлерге қайтады деген агенттіктің пікірін
білдіреді.
Рейтингтер бойынша болжам – "тұрақты", деп осы хаттың қосымшасына
сәйкес Агенттіктің баспасөз-хабарламасында айтылған.
цитата соңы
Аталмыш хатпен және Fitch Ratings баспасөз-хабарламасымен KASE
интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/KTGA/ktga_reliz_210415.pdf мекен-жайында
танысуға болады.
[2015-05-04]