"Кселл" АҚ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акциялары бойынша 2014 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады
04.05.15 12:46
/KASE, 04.05.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы, одан әрі – Қоғам), биржаға (KASE),
ресми хатпен баспасөз-хабарламасын ұсынды:
...
"Кселл" (одан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL)
акционерлік қоғамы – Қазақстандағы кірісі мен абонеттік базасы көлемі
бойынша телекоммуникациялық нарығындағы алдыңғы қатардағы оператор
2014 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 31 желтоқсан аралығындағы
кезеңде жай акциялар бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады.
Дивиденд көлемі 40 782 миллион теңге, немесе бір жай акцияға салықсыз
есептегенде 203,91 теңге.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен 2014 жылдың
1 қаңтарынан 2014 жылдың 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде дивиденд
сомасы 58 260 миллион теңгені құрады.
...
Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет-
сайтында мекен-жайында танысуға болады.
[2015-05-04]