2014 жылдың қорытындысы бойынша "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ активтері 1,3 трлн теңгені құрады
28.04.15 17:54
/KASE, 28.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ (Алматы),
Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын
ұсынды:
цитата басы
2014 жылғы ҚЕХС есебіне сәйкес "Сбербанк" АҚ ЕБ активтері 1
триллион 280 миллиард теңгеге жетті.
- Заңды тұлғалардың салымдары 18,5 % өсті және 603,3 млрд. теңгені
құрады.
- Жеке тұлғалардың салымдары 35,2 % өсті және 303,1 млрд. теңгені
құрады.
- Заңды тұлғалардың несиелік портфелі 24,2 % өсті және 777,4 млрд.
теңгені құрады.
- Жеке тұлғалардың несиелік портфелі 83,1 % өсті және 191,9 млрд.
теңгені құрады.
- Банктің меншікті капиталы 19,2 % ұлғайды және 139,9 млрд. теңгені
құрады.
- Таза пайда 27,0 млрд.тг. құрады.
- Комиссиялық кіріс 41,4 % ұлғайды.
2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша біз барлық негізгі көрсеткіштер
бойынша өсімге жеттік. Біз бөлшек және корпоративтік сегменттерді
белсенді дамыттық, алайда алдымызға негізгі фактор ретінде тиімділікті
көтеруді алдық. Биылғы жылы біз сервис сапасын жақсарту, жаңа
технологияларды енгізу және тәуекелдерді бағалаудың тиімді жүйесін
жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз",- деп атап өтті "Сбербанк" АҚ
ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.
Қосымша ақпарат алу үшін Банктің баспасөз қызметіне хабарласуыңызға болады:
"Сбербанк" АҚ ЕБ
Екатерина Купреева
+7 (727) 266 35 68 (ішкі 502499)
e-mail: yekaterina.kupreeva@sberbank.kz
цитата соңы
[2015-04-28]