"АТФБанк" АҚ отандық автоөндірісті қаржыландыруға қолдау көрсету бағдарламасы аясында "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамымен келісім-шартқа қол қойғаны туралы хабарлады

23.04.15 16:01
/KASE, 23.04.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы 2015 жылдың 20 сәуірінде "АТФБанк" АҚ (одан әрі – АТФБанк) және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражаты есебінен отандық автоөндірісті қаржыландыруға қолдау көрсету үшін Келісімшартқа ресми қол қою рәсімі өтті. АТФБанкке отандық автокөлікті сатып алу үшін жеке тұлғаларды несиелендіру үшін лимит 2 млрд теңгені құрады. Барлығы осы Бағдарлама бойыша екінші деңгейдегі банктерге барлығы 15 млрд теңге бөлінді. цитата соңы Баспасөз-хабарламасның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_reliz_230415.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-04-23]