"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.04.15 14:51
/KASE, 23.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847 дана, артықшылықты KZ1P05340115 акцияларының саны – 1 250 дана; - компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 22 441 635 жай акцияларын сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) компания акцияларының 119 875 123 (компанияның жарияланған акцияларының жалпы санынан 84,23 %), оның ішінде компанияның жай акцияларының 119 873 873 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 84,23 %) және компания артықшылықты акцияларының 1 250 (компанияның артықшылықты акцияларының жалпы санынан 100 %) болып табылады. [2015-04-23]