"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жеке тұлғаларға отандық өндірісте шығарылған жеңіл автокөлікті сатып алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы туралы хабарлады

21.04.15 15:50
/KASE, 21.04.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендігі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазақстан Даму Банкі"АҚ ("Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ еншілес ұйымы) Автокөлік өнеркәсібін қолдау бағдарламасы шеңберінде банктік заем туралы шартқа қол қойды "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-на ЕДБ арасында 4 миллиард теңгені құрайтын жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаржыландырудың ең үлкен көлемі берілді. Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейін болатын Қазақстанда шығарылған автокөліктерге қолданылады. Жеңілдетілген автокредит бойынша номиналды пайыздық мөлшерлеме жылдығы 4%-ға тең, сақтандыру мен автокөлікті ресімдеу бойынша шығындарды есепке алумен сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) –жылдығы 7,5%-дан аспайды. Халық банкі клиенттері – жалақылық жобаға қатысушылар үшін бастапқы жарна талап етілмейді. Барлық басқа жағдайларда бастапқы жарна автокөлік бағасынан 10-20% құрайтын болады. Кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін. Қосымша комиссиялар алынбайды. Заемшыдан талап етілетін құжаттар пакеті – ең аз. Халық банкінің менеджерлері бағдарламаға қатысушы болып келетін барлық автосалондарда жұмыс істейді. Кеңес алу үшін Халық банкінің байланыс орталығына хабарласуға болады: Алматы қаласы үшін: +7-727-259-07-77 ҚР басқа қалалары үшін: +7-8000-8000-59 электрондық почта: info@halykbank.kz цитата соңы [2015-04-21]