"Батыс транзит" АҚ өзінің KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, BTTRb1) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

20.04.15 17:10
/KASE, 20.04.15/ - "Батыс транзит" АҚ (Алматы) 2015 жылдың 16 сәуірінде өзінің KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, BTTRb1) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 941 117 500,00 теңгені құрады. [2015-04-20]