"Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

20.04.15 16:39
/KASE, 20.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C23640010 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 51 120 065 дана; - компанияның барлық акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, яғни, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ (Астана) болып табылады. [2015-04-21]