"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ ипотеканы соңғы төрт жыл бойы өзгермеген төмен мөлшерлемелермен кредитттеуді жалғастыра отырып, ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға белсене қатысуды жоспарлап отырғаны туралы хабарлады

16.04.15 17:16
/KASE, 16.04.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ипотеканы 2011 жылғы мөлшерлемелерімен кредитттеуді жалғастыруда. Банк ҚР Ұлттық Банкі және «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ іске асыратын ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға белсене қатысуды жоспарлауда. Банк кредит беру мерзімі 30 жылға дейін болатын ипотекалық заемдар бойынша төмендетілген мөлшерлемелерді ұсынады. Осылайша, ипотекалық бағдарлама бойынша 12.5% басталатын мөлшерлемелер (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) – 14.3%- дан бастап); ал басқа ЕДБ-де алынған ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша төмендетілген мөлшерлемелермен – жылдығы 11,5 % бастап қолданылады. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_160415.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-04-16]