"Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.04.15 15:38
/KASE, 15.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл., Жәйрем елді-мекені, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 дана, артықшылықты KZ1P13590115 акциялар саны – 11 100 дана; - компанияның 6 588 624 жай және 9 689 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның иелігінде компанияның 6 592 226 акциясы (компанияның орналыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,91 %), соның ішінде компанияның барлық жай және 3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналыстырылған артықшылық акцияларының жалпы санынан 37,18 %) бар. [2015-04-15]