"Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
15.04.15 15:38
/KASE, 15.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды
обл., Жәйрем елді-мекені, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы
саны 6 783 460 дана, артықшылықты KZ1P13590115 акциялар саны –
11 100 дана;
- компанияның 6 588 624 жай және 9 689 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз
тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның иелігінде компанияның
6 592 226 акциясы (компанияның орналыстырылған акцияларының
жалпы санынан 99,91 %), соның ішінде компанияның барлық жай және
3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналыстырылған
артықшылық акцияларының жалпы санынан 37,18 %) бар.
[2015-04-15]