"Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
14.04.15 16:11
/KASE, 14.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы, бұдан әрі
– банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың
01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған (KZ1C00490017 жай акциялары) акцияларының
жалпы саны 548 400 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Альфа-Банк" ААҚ (Мәскеу, Ресей).
[2015-04-14]