"КМК Мұнай" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

09.04.15 16:37
/KASE, 22.01.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КМК Мұнай" АҚ (Ақтөбе, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған акцияларының (тек KZ1C51440010, жай акциялары) жалпы саны 1 500 000 дана; - компанияның барлық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 195 437 акциясын қайта сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген тұлғалар: ---------------------------------------------------------- Компанияның орналастырылған Жай акциялар, акцияларының жалпы Атауы дана санындағы үлесі, % ------------------------- ------------- ------------------ "СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ 652 282 43,49 YUKON ENERGY HOLDING S.A. 652 281 43,49 ---------------------------------------------------------- [2015-04-09]