"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ауыл шаруашылығы өндірушілерін Егінжай" бағдарламасы бойынша 456,6 млн теңгеге қаржыландыру басталғаны туралы хабарлады

09.04.15 12:36
/KASE, 09.04.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарламасын ұсынды: цитата басы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ – "ҚазАгро" Холдингінің еншілес компаниясы "Егінжай" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 75 255 гектар жерге дәнді дақылдар егу үшін 456,6 млн. теңгеге 123 несие берді. Бұл бағдарлама бойынша қаржыландыру жалғасуда. Қор кішігірім жер телімдері бар ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді көктемгі дала және күзгі жиын-терім жұмыстары кезінде қолдау мақсатында 2010 жылдан бері "Егінжай" бағдарламасын жүзеге асырып келеді. цитата соңы Толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_080415_kz.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2015-04-09]