/KASE, 08.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.), Қазақстан қор
биржасына (KASE), ресми хатпен KZP01Y20C023 (KZ2C00000263, KASE
ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, KKAGb2) және
KZP02Y22C027 (KZ2C00000271, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы
қағаздар" санаты, KKAGb3) облигациялары бойынша сегізінші купонын
төлеуді кешіктіргені туралы хабарлады.
"Қазақстан Қағазы" АҚ 2015 жылдың 07 сәуіріне дейін НИН KZP01Y20C023
(KKAGb2) облигациялары бойынша 39,029,041.50 теңге және НИН
KZP02Y22C027 (KKAGb3) облигациялары бойынша 38,760,378.75 теңге
сегізінші купондық кезеңге купондық сыйақысын төлемегені туралы
хабарлады.
Өзінің облигациялары бойынша дефолтқа түскен листингілік
компаниялардың тізімімен KASE интернет-сайтында "Құралдар мен
эмитенттер" – "ҰОБ Эмитенттері" ("Дефолт" салымы бойынша)
http://www.kase.kz/ru/emitters мекен-жайында танысуға болады
Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1250518 мекен-жайында танысуға
болады.
[2015-04-08]