"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

08.04.15 12:50
/KASE, 08.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания), биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (KZ1C57040012 тек жай акциялары) акцияларының жалпы саны 3 500 000 000 дана - компанияның 3 481 623 734 акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті болып табылады. [2015-04-08]