"Альфа-Банк"Еншілес банкі АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

08.04.15 12:12
KASE, 08.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк"Еншілес банкі АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), Банктің 2015 жылдың 06 сәуіріндегі акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі туралы хабарлады: цитата басы 1. Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – Банктің тәуелсіз директоры Ақтай Арманның уәкілеттігі 06.04.2015 ж. бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын. 2. Банк Басқармасы Төрағасы Д.Ф. Смирновқа Ақтай Арманның уәкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Қазақстан Республикасының заңдары талап еткен шараларды жүзеге асыру тапсырылсын. цитата соңы [2015-04-08]