"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "EMEA Finance" журналының нұсқасы бойынша Халық банкінің еншілес компаниясы "Halyk Finance" акционерлік қоғамын ең үздік инвестициялық банкі деп танығаны туралы хабарлады

07.04.15 11:11
/KASE, 07.04.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы Әйгілі әрі беделді халықаралық "EMEA Finance" журналы (www.emeafinance.com) – «Europe Banking Awards 2014» - жетекші халықаралық инвестициялық банктер арасында өтетін жыл сайынғы іріктеу нәтижелері бойынша - "Halyk Finance" АҚ-на (бұдан әрі – "Halyk Finance") "Қазақстанның 2014 жылғы Ең үздік Инвестициялық Банкі" (“Best Investment Bank in Kazakhstan 2014”) атағын берді. Жетекші халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен дауыс беру нәтижелері бойынша Halyk Finance қатарынан 5-ші жыл осы құрметті номинацияда жеңімпаз болып танылды, бұл Halyk Finance-тың қазақстандық инвестициялық-банктік қызметтер нарығындағы жетекші жайғасымын куәландырады. Атап өту керек, биылғы – "EMEA Finance Achievement Awards 2014" – халықаралық капитал нарықтарындағы ең үздік жетістіктерді іріктеудің нәтижелері бойынша Halyk Finance 4 номинацияда байқалды. Жеке алғанда, Halyk Finance ұйымдастырған 3 мәміле 3 әр түрлі санатта жеңімпаз болып танылды. Бұл мәмілелер "Жекешелендіру шеңберіндегі ең үздік IPO" («KEGOC» АҚ), "Швейцария франктеріндегі облигациялардың ең үздік шығарылымы" ("Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" АҚ) және "Облигациялардың ең үздік ұлтаралық шығарылымы" (Еуразиялық Даму Банкі) қамтиды. Бұған қоса, EMEA Finance Halyk Finance басқарушысын – Арнат Абжановты – халықаралық инвестициялық банкинг саласындағы аса беделді - "Жыл Мәмілелерін Ұйымдастырушысы" ("Dealmaker of the Year") атты номинациясының жеңімпазы деп таныды. Halyk Finance қатарынан 5-ші жыл "EMEA Finance Achievement Awards" беделді марапаттарына ие болып келеді – 2011-2014 жылдар аралығындағы кезең бойынша компания "EMEA аймақтағы Корпоративтік Облигациялардың ең үздік Шығарылымы" ("ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ)