"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Директорлар Кеңесі Қытай Экспорт-импорт Банкі және Қытай Мемлекеттік Даму банкінен қарыз алуға және несие келісім-шартын жасауға шешім қабылдады

02.04.15 15:24
/KASE, 02.04.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы Банктің Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 20 наурызындағы шешімімен (№167-2015-04 хаттама) төмендегі шешімдер қабылданды: 1. Қытай Экспорт-импорт Банкінен 500 миллион АҚШ долларын тарту арқылы Банктің жеке капиталының он жжәне одан көп пайызын құрайтын міндеттемелерін арттыру туралы; 2. Қытай Мемлекеттік Даму банкінен несие қаражатын тарту бойынша 650 миллион АҚШ долларын банкпен несие келісімін жасау арқылы банктің міндеттемелерін арттыру туралы. цитата соңы [2015-04-02]