"Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

02.04.15 14:40
/KASE, 02.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен 2015 жылдың 20 наурызында банктің директорлар кеңесінің шешімі туралы хабарлады: цитата басы 1. "Альфа-Банк" ЕБ АҚ Басқармасының мүшесі, Операциялық директор Аникина Алина Владимировнаны 01.04.2015ж бастап лауазымынан босату туралы. 2. Аникина Алина Владимировнаны 01.04.2015ж бастап Альфа-Банк" ЕБ АҚ Басқармасының мүшесі, Басқарма төрағасының орныбасары қызметіне тағайындау туралы. цитата соңы [2015-04-02]