2015 жылдың 27 сәуірінде "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

02.04.15 12:55
/KASE, 02.04.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 27 сәуірінде сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп хабарлады. Жиналыстың күн тәртбіндегі мәселе: - Компанияның шаттық кестесі мен компания қызметкерлерінің лауазымдық ақысынның сызбасын бекіту туралы; - Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын, түзетулерін ескере отырып бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Ақтау қ., құс фабрикасының маңайы, компанияның офисі мекен-жайында өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:45-тен бастап басталады. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 28 сәуірінде сол уақытта, жоғарыда аталған мекен- жай бойынша өткізіледі. [2015-04-02]