АО "АТФБанк" АҚ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және "Қазақстан даму Банкі" акционерлік қоғамымен несие келісіміне қол қойғаны туралы хабарлады

31.03.15 15:39
/KASE, 31.03.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз – хабарламасын ұсынды: цитата басы 2015 жылдың 13 наурызында АТФБанк" АҚ (одан әрі – АТФБанк) және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі – "Даму" КДҚ) арасында несие келісіміне қол қою рәсімі өтті. Аталмыш келісім аясында өңдеу кәсіпорны саласындағы ШОБ субъектілерін несиелендіру үшін АТФБанкке 20 жылға 3 млрд теңге көлемінде ақша қаражаты бөлінді. Бұл ҚР Ұлттық қорының "Даму" КДҚ желісі бойынша үшінші траншы болып табылады. Үшінші транш бойынша бөлінген жалпы сомасы 50 млрд теңгені құрайды. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_reliz_270315.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-03-31]