"Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ Басқарма бастығы Н.Д.Қаппаровтың кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлады

31.03.15 15:00
/KASE, 31.03.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы 2015 жылғы 26 наурызда Қытайда 44 жасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер және кәсіпкер, меценат, Қазақстанның бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі, республикамыздың жаңа тұрпатты жас басқарушыларының жарқын өкілі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқармасының төрағасы НҰРЛАН ЖАМБЫЛҰЛЫ ҚАППАРОВ кенеттен дүние салды. Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Ол О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика- математика орта мектебінің түлегі. Алматы технологиялық институтын бітірген, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. Нұрлан Қаппаров тоқсаныншы жылдары "Акцепт" корпорациясын құрды және оған басшылық жасады. 1997-1999 жылдары "КазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясын және "Казахойл" ұлттық мұнай-газ компаниясын басқарды. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Нұрлан Қаппаров Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице- министрі болды. Одан кейінгі жылдары ол "Lancaster Group Kazakhstan" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2012 жылы Нұрлан Қаппаров Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалды. 2014 жылғы тамыздан "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқармасының төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ел алдындағы айтарлықтай еңбегі үшін Нұрлан Қаппаров көптеген үкімет наградаларымен, медальдармен және Мемлекет басшысының, Қазақстан Премьер-Министрінің грамоталарымен марапатталды. "Құрмет" орденін алды. Нұрлан Қаппаров 2005 жылы дарынды балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға және ауылдық жерде тұратын