"Банк "Bank RBK" АҚ "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несие шартына қол қойғаны туралы хабарлады

19.03.15 14:44
/KASE, 19.03.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2015 жылдың 13 наурызындағы баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Bank RBK" АҚ (бұдан әрі – Банк) 201 жылдың 13 наурыз күні "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қорымен" несиелік келісім жасасқаны туралы хабарлайды. Осы келісім аясында Банкке өңдеу өнеркәсібімен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін 4 млрд теңге бөлінді. Шекті қарыз алушылар үшін бұл қаржылар 6%-дық жылдық мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бір қарыз алушыны қаржыландырудың максималды сомасы 1,85 млрд теңге. Кәсіпкерлерге несиелер келесі мақсаттарға беріледі: негізгі қаржыларды алу және жетілдіру, бұрын алынған қарызды қайта қаржыландыру, айналым қаржыларын толықтыру. Өңдеу өнеркәсібімен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы Қазақстанда 2014 жылдан бастап жүзеге асырылауда. Өткен жылы мемелекет осы бағдарламаға Ұлттық Қордан екі траншпен 200 млрд теңге бөлді (сәуір және желтоқсан айларында), берілген қаржыны екінші деңгейлі банктерге орналастырды. Bank RBK бұдан бұрын осы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 6 млрд теңге қаражат алған болатын. «Даму» қоры және серіктес-банктермен бүгінгі жасасқан несиелік келісім Ұлттық Қордан үшінші транш орналастыру аясында жалпы сомасы 50 млрд теңге қаражатпен жүзеге асырылған. "Өңдеу саласын жеңілдікті шартпен несиелеудің мемлекетік бағдарламасы өзін талап етілген және тиімді құрал екенін көрсетті. Біз кәсіпкерлердің осы бағдарламаға қатысуға жоғары қызығушылығын көрудеміз және бөлінген қаржыны өз тарапымыздан шекті қарыз алушыларға жоғары шапшаңдылықпен жеткізуге дайынбыз", - деді "Bank RBK" АҚ Басқарма Төрағасы Игорь Мажинов. цитата соңы [2015-03-19]